Қамқоршылық кеңес есебі
Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Шона Смаханұлы атындағы Сейілбек ауылының негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ХАТТАМА
Өтілген күні: 15.05.2020 жыл
Қатысушылар: ата-аналар, қамқоршылық кеңес мүшелері, қоғамдық кеңес мүшелері. Қатысушылар саны-10
КҮН ТӘРТІБІ:
1.Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Шона Смаханұлы атындағы Сейілбек ауылының негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Б.Ракымбердиеваның қамқоршылық кеңес алдындағы есебі.
1.ТЫҢДАЛДЫ:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша шығып сөйлеген мектеп директоры Б.Ракымбердиева Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Шона Смаханұлы атындағы Сейілбек ауылының негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қамқоршылық кеңес алдындағы есебінде 2019-2020 оқу жылындағы Қамқоршылық кеңесімен бірлесе атқарған білім мекемесінің жұмыстары туралы айтып өтті. Жылдық есепте 2019-2020 оқу жылында 1-9 сынып оқушыларының арасынан жартылай жетім, көп балалы, аз қамтылған отбасыдан шыққан оқушыларға жалпыға міндетті оқу қорынан көмек ретінде жыл басында 107 333 теңге көлемінде 18 оқушыға киім-кешектер берілсе, 6935 тг көлемінде 2 ұл балаға, 3 қыз балаға оқушы сөмкелері таратылып берілді. 5 ата-анаға аудандық білім бөлімінен жеке шоттарына ақшалай қаражат салынды.
Қамқоршылық кеңесінің демеушілігімен берілген көмекке тоқтала отырып, 28 000 теңгеге 15 оқушыға оқу құралдары берілгендігі туралы айтып өтті.
Талас ауданы Әкімінің шыршасына аз қамтылған, көп балалы 2 отбасынан 4-сыныптағы Рахай Феруза мен 6-сыныптағы Сапарқызы Алтынай барып 26 000 теңгелік сертификатты алып қайтты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында аудандық «Нұр Отан» партиясынан толық емес отбасы Көрпебаева Жұмакүлдің отбасына 50 000 тг қаражат жеке шотына жіберілді.
Мектептің ыстық тамақтың ұйымдастырылуына жауапты комиссия құрамымен бекітілген 20 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, төтенше жағдай кезеңіне 12 отбасындағы 20 балаға таратылып берілгендігі туралы айтып өтті.
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:
Ата-аналар комитетінің төрағасы А.Аязбаев оқушылардың мектеп жағдайындағы құқығын қорғауға, төтенше жағдай кезеңіне қажетті оқу-тәрбие алуына, тағамдануы бойынша атқарылып отырған жұмыстарға және мектеп директорының есебіне оң баға бере отырып, алдағы атқарылатын жұмыстар мен міндеттердің табысты орындалуына сенім білдірді.
Қамқоршылық кеңес мүшелері және ата-аналар берілген есеп қорытынды бойынша бірауыздан шешім етті.
ШЕШІМ:
1.1. Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Шона Смаханұлы атындағы Сейілбек ауылының негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Б.Ракымбердиеваның қамқоршылық кеңес алдындағы есебі «қанағаттанарлық» деп танылсын.
1.2.Әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларға көмек көрсету және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында «Қайырымдылық» қорының қызметі жандандырылып, алдағы уақытта нәтижелі де, тиімді жұмыстар атқарылсын.
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: М.Амиров
Хатшы: О.Бапанов